Олимпиадашылар

«Динамо» спорт кеңесінің мүшелігіндегі спортшылардың есімін әлем таниды. Атланта Олимпиадасының қола Сидней Олимпиадасының алтын алқаларының иесі Ермахан Ибраимов Жамбыл облыстық Ішкі істер басқармасының полиция лейтенанты қыметінде болды. Қазір ол полиция майоры шеніне жетті. Атлантада бессайыстан алдына жан салмаған Александр Парыгин Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің аға лейтенанты болатын. Алайда ол сол жеңісінен соң Отанға оралмай-ақ қойды. Грек-рим күресінің саңлағы Юрий Мельниченко да «Динамоның» беделіне белбеу байлады. Тамаша желаяқ қызымыз Ольга Шишигина Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің подполковнигі шеніне дейін көтерілген еді. Ал дарынды спортшымыз Бекзат саттарханов ІІМ ішкі әскер қатарындағы жауынгер болатын. Ал Сидней Олимпиадасының күміс, Лондоннан алтын таққан Александр Винокуров болса Солтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер басқармасының полиция полковнигі. Ринг төрінде шеберлігімен талай елді тәнті қылған қос бірдей Олимпиаданың күміс жүлдегері Болат Жұмаділов ІІМ қарамағында ішкі әс1 кердің капитаны. Болат Ниязымбетов болса, үлкен спорттан кеткеннен кейін де ішкі істер саласында толық қызмет бабына орналасты. Марат Мәзімбаев ІІМ Академиясында сабақ береді. Бұлардан басқа Сергей Беляев, Владимир Вохмянин, Людмила Прокашева, Мәулен Мамыров, Мкхитар Манукян, Геннадий Лалиев, Георгий Цуцумияларды айтпағанда, кейінгі жастар Бақтияр артаев, Серік Елеуев, Геннадий Головкин, Әлия Юсупова, Илья Ильин, Жомарт Сатыбалдин, Асхат Жіткеев, Марғұлан Әсембеков және тағы да басқалары Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің құрамына түрлі дәрежелі қызметтер бабына тіркелген.

2008  жылығы жазғы  XXIX   Олимпиада ойындары

Бежін (ҚХР) қаласында өткен жазғы  XXIX   Олимпиада ойындарына,  Қазақстан Республикасынан  132  спортшы 22 спорт түрінен сынға түскен болатын. Спортшылардың 63-і «Динамо» ДШСҚ-нан  екенін мақтанышпен айтамыз. Сол жылы Қазақстанның Олимпиадалық  командасы спорттың 6 түрінен 13 алқа тағынған болатын. Оның  2 алтын, 4 күміс болса, ал 7 алқа қола. Динамолық спортшылар 2 алтын, 4 күміс, 5 қола алтынды иеленіп, қоржынымызға 11 алқа салған еді.5

2010 жыл- XXI  қысқы  Олимпиада ойындары

Канаданың Ванкувер қаласында өткен қысқы XXI Олимпиада ойындарында ұлттық команданы 38 спортшы құрады. Олар спорттың 9 түрінен сайысқа түсті. Спортшылар 20 динамолық болатын. 7 спорттық тәртіп бойынша: 3 шаңғышы, 5 мұздағы жарыс, 4-і биатлон, ал 5-і  тұғырдан секіру бойынша сайысқа түсті. Бұл сайыста әйелер биатлон бойынша, ал ерлер шаңғы спорты бойынша жақсы көрсеткіштер көрсетті.

Енді нақты жетістіктерге тоқталайық. Биатлон бойынша 15 шақырымдық жарыста спорт шебері Елена  Хрусталева күміс алқаны иеленді. Ал қысқа қашықтыққа жүгіруден бесінші орынға тұрақтап, 10 шақырымдықта 11 орынды тұғыр тұтып Азиа ойыншыларының арасынан тамаша көрсеткішке кол жеткізді.

Бұл жылғы жарыста   ҚР ІІМ ІӘ сержанты , ШҚО Ридер қаласының перзенті  Алексей  Полторанин 3 рет 5 орынға ие болды.

2010 жылың I жастардың Олимпиадалық ойындары

Бұл ойындар Сингапур қаласында  14-26 тамыз айында өткен болатын Динамолықтар саны 18. Спорт түрі- 10.   7 алқа біздің елге бұйырды.

Алтын алқа иегерлері:
Қандыбаев Жәнібек (грек-рим күресі)
Жаппарқұл Жазира (ауыр атлетика)
Ағыбаев Қайрат (дзюдо)

Күміс алқалар:
Чиншанло Зульфия (ауыр атлетика)
Нұрсұлтан Мамаев (таэквандо)

Қоланы иеленген жүлдегерлер:
Баймағамбетов Ақан
Сибай Рүстем

2010 жылғы XVI Азиа ойындары

Гуанчжоу (ҚХР) қаласында өткен Азиа ойындарына елімізден 365 спортшы қатысты. 16 спорт түрі бойынша сайысқа түскен спортшылардың 149-ы динамолықтар.

Бұл ойындарда Қазақстанның құрама командасы  79 алқаны қанжығаға байлап қайтты. Оның  18-і алтын,  23 күміс, 38 алқа қола болатын. Динамолық спортшылардың көрсеткіші мынадай: жалпы саны 57 алқа; олардың 10-ы алтын, 17-сі күміс,ал 30-ы қола. Демек Қазақстандық жеңістің 72% динамолықтар құрайды.

ҚР ІІМ ІӘ ш таттық спорттық командасының спортшылары  12 медальді иеленді ( 5 алтын, 6 күміс, 1 қола)
ҚР ІІМ -2 алқа(1 күміс, 1 қола)
ҚР ҰҚК-3 алқа(1 алтын, 1 күміс,1 қола)
ҚР ҰҚК ШҚ-3 алқа(2 күміс, 1 қола)

2011 жылғы VII қысқы Азиа ойындары

Бұл спорттық шара еліміздің Астана және Алматы қаласында өтті.

Барлық ойын түрлерінің 11-не 49 динамолық спортшы қатысты. Біздің қоғамымыздың  спортшылары 44 алқаны ел қанжығасына салды. Алқаның 18-і алтын, 9 күміс, 17–сі қола. 26 Азиа елі қатысқан бұл спорттық шарада Қазақ  елінің айбыны асқақтап, бірінші орынды иеленді.

2012 жыл I жастардың Олимпиадаық ойындары

Австрияның Инсбург қаласындағы тұңғыш қысқы  жастар олимпиадасынан 3 алқалы болдық.

Күміс жүлде:
1. Галина Вишневская (биатлон)
2. Сергей Малышев (шаңғы жарысы)

2012 жылғы XXX жазғы  Олимпиада ойындары

3Ұлыбританияның Лондон қаласында өткен жазғы Олимпиада ойындарына  Қазақстан Респбликасының атынан  116 спортшы қатысты. Олардың 65-і динамолық спортшы екенін айта кетейік. Біздің спортшылар 15 спорт түрі бойынша сайысқа түсті.

Алға қойған негізгі мақсатты осы ойындарда динамолық спортшылар орындай білді. Қазақстан Республикасының  барлық құрама командасы 13 алқа қанжығаға салса, оның 11-н динамолық спортшылар иеленген болатын. Қазақстан Республикасының спорт тарихындағы айшықты беттерді біздің динамолық спортшылар алтын әріптермен әдіптеді.

5 алтын алқа:

1. Винакуров Алексей-велоспорт  - Петропавлск,  ҚР ІІМ
2. Чиншанло Зульфия-ауыр атлетика, 52 кг,-Талдықорған, Спорт басқармасы
3. Подобедова Светлана-ауыр атлетика, 75 кг-Талдықорған, ҚР ІІМ ІӘ командасынан
4. Ильин Илья- ауыр атлетика, 94 кг-Қызылорда, Спорт басқармасы.
5. Майя Манеза-ауыр атлетика4

1 күміс алқа:
Ниязымбетов Әділбек-бокс,

5 қола алқа:

1. Марина Вольнова-бокс, 
2. Дычко Иван-бокс, 
3. Даниял Гаджиев-грек-рим күрес, 
4. Гузель Манюрова-еркін күрес,
5. Ақжүрек Таңатаровтар — еркін күрес

Спортшылардың әлем Чемпионаты мен Азиа кубоктарына қатысуы

Қоғамның спортшылары 34 мәрте  әлем Чемпионатында жүлдегер және чемпион атанды.

 

Dinamovcy

 

Soldatenko олимпийский чемпион Винокуров и начальник ДВД СКО Урумханов