Атырауда  шағын футболдан  жарыс  өтті.    

29- тамыз күні Конституция мерекесі қарсаңында Құқық қорғау қызметкерлері арасында полиция сержанты Ақымғалиев Шалқар Көшкінбайұлын еске алуға арналған шағын футбол спорт түрінен жарыс өткізілді. Жарысқа барлығы 10 команда қатысты: Қазақтан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Атырау облысы бойынша департаменті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюросының Атырау облысы бойынша департаменті, Атырау облысы күзет басқармасы, Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті, Атырау станциясындағы желілік полиция бөлімі, Атырау облысының Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Атырау облысының Полиция департаменті, Атырау облысы ПД-нің Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ, Динамо және Шалқар.

Жарыстың ашылу салтанатына Полиция департаментінің бастығының орынбасары Молдашев Сұлтан, кадр саясаты басқармасынан Үмбет және Шалқардың анасы қатысты. Барлық қатысқан командалар өте жақсы ойын көрсетті. 1-орынды Ұлттық қауіпсіздік комитеті жеңіп алды.  2-орынды Атырау облысы күзет басқармасы иеленді. 3-орын Динамо командасына бұйырды. Ақкенжиев Нұрберген – «Үздік қақпашы»,  «Үздік шабуылшы» – Нагимов Санат, ал Мұхитов Эльдар – «Үздік қорғаушы» атанды. Жарыс соңында әділ төрешілер мен жеңімпаздар марапатталды.

 

Серіктестер
Видео