Атырау облысы құқық қорғау қызметкерлері арасында жекпе-жек сайысынан турнир өткізілді

17 наурыз күні Полиция департаментімен бірігіп қызмет бабында қаза тапқан Ақымғалиев Шалқар Көшкінбайұлының атына Атырау облысы құқық қорғау қызметкерлері арасында жекпе-жек сайысынан (рукопашный бой) турнир өткізілді.Бұл сайысқа  құқық қорғау қызметкерлері арасында халықаралық спорт шеберлері, әлем және Азия чемпиондары қатысты. Атырау облысы полиция департаментінің бастығының орынбасары Әділхан Байдосов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.  Толыққанды жекпе жек сайысына 55,60,65,70,75,80,85,+85 салмақ дәрежесі бойынша, Әскери жекпе-жек сайысынан 55,60,65,70,80,85,90 кг салмақ дәрежесі бойынша, жекпе-жек сайысы 55,60,65,70,75,80,90,+90кг салмақ дәрежелері бойынша спортшылар қатысты. Барлық қатысқан спортшылар жақсы нәтиже көрсетті. Жүлделі орындарға ие болған спортшыларға диплом мен медаль және сыйлықтармен марапатталды.

Серіктестер
Видео