Балаларға – базарлық

«Халықаралық балаларды қорғау күні» қарсаңында және  «Динамо» ДШСҚ ОК-нің «Ұлы дала сақшылары» жобасы аясында Кадр саясаты басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, Шымкент қаласының ювеналдық Полиция департаменті, Шымкент қаласының ТЖД, Шымкент қаласының әкімдігі (№3 Балалар үйі), Түркістан облысының әкімдігі (№4 Балалар үйі) және Қаратау ауданының жақын маңдағы аулалардың балалары арасында  «Динамо»  ДШСҚ стадионының аумағында үлкен спорттық-ойын-сауық,  жарыстар өткізілді.

Бұл ауқымды, орасан зор мерекені аниматорлар (қарақшылар, өрмекші адам, ертегі перісі) ашты. Олар барлық балаларды ортаға жинап, оларға жарқын көңіл-күй сыйлады.  Бұдан кейін мереке Азаматтық қорғаныс бойынша ТЖД қызметкерлерінің ерекше көрсетілімімен жалғасты. Одан әрі, шараны «Жас Динамо»  авиамодельдік клубы жалғастырды,  олар  ұшақтардың жоғары пилотажы және әуе ұрысы бойынша көрсетілім көрсетті. Бұдан әрі мереке «Жас Динамо» және «Жас Бүркіт» клубы,  6506 әскери бөлімінде балалардың өнер көрсетуімен дзюдошылар мен қоян-қолтық ұрыс өкілдерімен жалғасын тапты.

Жарқын мерекедегі 5-13 жас аралығындағы балалар қатысқан асфальтта сурет салу, көркем өнерпаздық «Әке, ана және мен» байқауындағы балалардың жаппай қатысуын ерекше атап айтқан жөн. Сайыста аталымдар бойынша өнерімен көзге түскен өнерпаздарға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.  «Динамо» ДШСҚ филиалының қызметкерлері  № 3 және №4 Балалар үйіне барып, балаларды мерекемен құттықтап, базарлық апарды. Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қажетті спорттық құрал-жабдықтар мен  шахмат, қуыршақ, жұмсақ ойыншық, үстел ойындары, лото, секіртпелер сыйға беріліп, тәтті сусындар таратылды.

 

 

 

Серіктестер
Видео