Бокстан жасөспірімдер арасында  республикалық ашық турнир

Алматыда спорт шеберлері Мұхтар Мұздыбаев пен Спатай Егімбаевты еске алу құрметіне орай бокстан 2006-2010 жылы туылған жасөспірімдер арасында  республикалық ашық турнир болып өтті. Турнирге  Қазақстанның 9 облысынан және Қырғызстан мен Өзбекстаннан барлығы 127 спортшылар қатысты. Турнирдің ашылу салтанатына  Алматы қаласының Жетісу ауданының әкімі В.Д.Вавилин қатысты.  Жарыс қортындысы бойынша «Ең үздік боксшы» атағын Алматы қаласынан динамолық спортшы Мәди Хамза жеңіп алды. динамолық спортшы Закир Санжар «Жеңістегі еркіндігі үшін» аталымымен марапатталды.  Турнирге демеушілік еткен «Металлпром» және «Альянсгаз» компаниялары.

 

Серіктестер
Видео