«Біз — Жеңістің мұрагерлеріміз» эстафетасы

Алматыда ҚР Ұлттық Ұланы  ҚР ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаевтың бастамасымен Жеңістің 75-жылдығына орай  28-гвардияшы-панфиловшылар саябағында  1941 жылы Алматы қаласында жасақталып, Мәскеуден Берлинге дейін жеткен Кеңес Одағының батыры генерал-майор И.В.Панфилов атындағы дивизияның Жауынгерлік туының көшірмесін республика көлемінде алып жүретін «Біз — Жеңістің мұрагерлеріміз»  атты алу эстафетасын бастады. Бұл  эстафетаға  Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Мұхаметқали Сатов, Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлері кеңесінің төрағасы милиция генерал-майоры Өмірзақ Болсамбеков, Ұлттық ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Талапкер Әмриев, «Генерал Панфилов қорының» құрылтайшысы, даңқты дивизия командирінің немересі Алуа Байқадамова, Кеңес Одағының Батыры, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова қатысты. Эстафетаның  басты мақсаты – Ұлы Отан соғысындағы қазақстандық жауынгерлердің ерлігіне құрмет көрсету; есімдерін ел есінде сақтау; майдан даласында қаза тапқан әр солдаттың ерлігіне бас ию; жастардың, ішкі істер органдары қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің бойына отансүйгіштік құндылықтарды сіңіріп, патриотизмге тәрбиелеу; әскери борыштарын үлгілі атқаруға ықпал ету,  Қазақстан халқының батырлық тарихына құрметпен қарау. ҚР Ұлттық Ұланының бұл бастамасын «Динамо» қоғамының спортшылары, Жас динамошылар, «Ұлы дала сақшылары» жобасының қатысушылары да осы эстафетаға қолдау көрсетті.

Серіктестер
Видео