Батыс Қазақстан облысы прокурорлары шаңғыдан жарыс ұйымдастырды

25 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы прокуратурасымен жеке құрам арасында ерлерге 1500 метр және әйелдерге 750 метр қашықтыққа шаңғыдан жарыс ұйымдастырылды.20 астам шаңғышы жарысты бірге бастады.Нәтижесінде Асан Нұрманов (Орал қ. прокуратурасының бөлім бастығы) ең үздік жылдамдықты көрсетсе, екінші орынды Александр Цуранков (облыс прокурорының орынбасары) иеленді, мәреге үшінші болып Бауыржан Ахметжан (облыс прокурорының аға көмекшісі) жетті.Қыздар арасында Карина Айкенова (Орал қ. прокуратурасының бөлім прокуроры) жеңімпаз танылса, екінші және үшінші орындарды Дина Изтелеуова (Орал қ. прокуратурасының бөлім прокуроры) мен Анара Кадралиева (облыс прокуратурасының полиграфолог-психологы) иеленді.

Облыс прокуроры Жандос Өмірәлиев жүлдегерлерге алғыс хаттар мен медальдар табыстап, спорттық тимбилдинг ұжымның командалық рухын көтеріп, салауатты өмір салтын бастауға негіз болатынын айтты.

Серіктестер
Видео