Динамолық дзюдошы Елдос Сметов Токио Олимпиадасында елімізге ең алғашқы медальді алып келді.

Дзюдодан 60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен динамолық спортшы Елдос Сметов жеребе бойынша жарысты екінші айналымнан бастады. Ол алдымен түркиялық Аққұс Михражды мерзімінен бұрын ұтты. Ширек финалда әлем чемпионаттарының жүлдегері, Оңтүстік Корея балуаны Ким Вон Джунмен кездесіп, тағы да мерзімінен бұрын жеңді. Кездесу барысында олы алдымен «ваззари», кейін «иппон» ұпайын еншілеп, таза жеңіске жетті. Токио Олимпиадасының жартылай финалында Елдос Сметов жапониялық спортшы, үш дүркін әлем чемпионы Наохиса Такатоға қарсы шығып, жеңіліс тапты.  Осылайша, қазақстандық дзюдошы Токио Олимпиадасының қола медалін қанжығалады. Бұл Қазақстан командасының Токио ойындарындағы алғашқы жүлдесі. 

 

Серіктестер
Видео
Scroll Up