Динамолық  дзюдошы Елдос Сметов «Grand Slam» жарысының қола жүлдесін жеңіп алды. 

Парижде басталған рейтингілік турнирде Елдос Сметов жартылай финалға дейін Мохаммед Рашнонужадты (IJF), Янислав Герчевті (Болгария), ширек финалда Дашдава Амартувшинді (Моңғолия) жеңді. Алайда, отандасымыз жарыстың жартылай финалында ресейлік Яго Абуладзеге жол берді. Жарыстың қола жүлдесі үшін өткен белдесуде Елдос Сметов оңтүстік кореялық Ким Вон Джуинді жеңді.

Серіктестер
Видео