ЕҢ МЫҚТЫЛАР АНЫҚТАЛДЫ

2019 жылғы 3-6 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Динамо» ДШСҚ-ның VIII ведомствоаралық Спартакиада бағдарламасының шеңберінде  Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдары, арнайы және күш құрылымдарының қызметкерлері арасында ҚР ІІМ-нің Кубогына волейболдан дәстүрлі республикалық турнир өтті.

 4 мамыр күні сағат 12.00-де аталмыш шараның «Алатау» спорт кешенінде жарыстың салтанатты ашылуы рәсімі болды. Турнирге ҚР ІІМ, ҚР ҰҚК, ҚР Бас прокуратурасы, ҚР ІІМ ТЖК, ҚР Ұлттық ұланы, ҚР ҰҚК Шекара қызметі, ҚР ІІМ ҚАЖК, ҚР ІІМ МКҚБ, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті және ҚР МКҚ-нің құрама командалары қатысты. Спорттық іс-шараның мақсаты – турнирге қатысушы ведомстволардың «Динамо» дене шынықтыру ұжымдарында спорттың ойын және қызметтік-қолданбалы түрлерін танымал ету; қызметкерлер мен жеке құрамның дене дайындығын жетілдіру, алға қойылған кәсіби міндеттерді орындауда жылдамдық, күш, ептілік, шыдамдылық пен табандылықты, сондай-ақ командалық өзара іс-қимыл дағдыларын дамыту. Жарыс республикадағы динамолық қарқынды қозғалысты насихаттауға ықпал етті. Жарыс төрешілігін жоғары санатты төрешілер қамтамасыз етті.

Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдары, күштік және басқа да арнайы құрылымдары арасындағы «Динамо» ДШСҚ-ның        VIII ведомствоаралық Спартакиадасының бағдарламасында Ішкі істер министрінің Кубогына волейбол бойынша турнирдің қорытынды нәтижелері:

I орын  – ҚР Ішкі істер министрлігі

II орын – ҚР ҰҚК Шекара қызметі

III орын – ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті

IV орын – ҚР ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы

V-VI орын –   ҚР Ұлттық ұланы, ҚР Қорғаныс министрлігі

VII-VIII орын –  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті

 

 

Серіктестер
Видео