Жасдинамошылар бразилиялық JIU-JITSU бойынша бірінші аттестациядан өтті,

«Динамо»  спорт 0о5амыны4 Қазақстан облыстық филиалының спорт кешенінде бразилиялық JIU-JITSU бойынша мастер-класс өтті.  Оны қара белбеу иегері, «BARS CHECKMAT ALMATY» (BJJ) клубының негізін қалаушы  Жумадилов  Думан және күлгін белбеу иегері, клубтың жаттықтырушысы Темірғалиев Біржан өткізді. Жасдинамошылар бірінші аттестаттаудан өтті. Аттестаттау кезінде белдіктерге дайындық деңгейіне байланысты бір және екі страйп жапсырылды. Чакыртова Нурсулу, Магзиева Сабина, Алпамыс Алинур және Алпамыс Аружан екі страйпты, ал Ковылин Семен, Рашитбекова Жансая, Ергалиев Диас, Сапар Диас бір страйпты алды. Мастер-класс барысында жаңа білім алынды, партерде техниканы орындаудың нюанстары көрсетілді. Джиу-джитсу күрес түрі негізінен партерде, ол жас спортшыларды физикалық тұрғыдан үйлесімді түрде дамытады. Сондай-ақ, ойлауға, жекпе-жек барысында комбинацияларды құруға үйретеді.

Серіктестер
Видео