Жас динамошылар Жеңіс күнін атап өтті

Біздің БҚО-дағы филиалымыз Отан қорғаушылар күніне орай қалалық бокс клубтарының спортшылары арасында «қабырғадан қабырғаға»  турнирін ұйымдастырды.

«Динамо, «Олимп», «Махамбет» және «ARENA» клубтарының жас боксшылары он салмақ дәрежесінде жарысты.  Олар үшін атақты спортшылар, туыстары мен боксты жақсы көретіндер келді. «ARENA»  спорт клубының рингінде соңғы жекпе-жекке дейін табанды күрес болды. Қорытынды есеп бойынша, «Динамо» СК спортшылары жеңіске жету үшін жақсы дайындалғаны көрініп тұрды. Жас қатысушылардың көпшілігінің бокспен шұғылданғандарына бір жылдан ғана асқан және бұл көпшілік үшін алғашқы жекпе-жек болды.

Жеңіске қол жеткізген жасдинамошылардың қуанышында шек болмады.  Тұғырдың бірінші сатысына көтерілгендер: Семен Романов (30кг), Темірлан Ташкараев (32 кг дейін), Данил Гупрынин (34 кг). Тасқын Жан (36 кг ),         Исаев Адам (38 кг ), Каримов Нұржан (40 кг), Ахмедьяров Алдияр (42 кг), Хасан Аслан (44 кг), Ибрагимов Диас (46 кг), сондай-ақ «ARENA» СК клубының боксшысы Никита Ни (48 кг). Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен, медальдармен марапатталды.

Біздің дәстүрлі турнирдің негізгі мақсаты – боксты танымал ету, салауатты өмір салтын насихаттау, спортшылардың дайындық деңгейін тексеру, жұмыс тәжірибесімен алмасу.

 

 

Серіктестер
Видео