ЖЕҢІСКЕ ЖІГЕРЛІ ЖЕТЕДІ

Қызылордада ҚР ІІМ спортшыларының жарқын жеңісімен Қазақстанның құқық қорғау органдары, арнайы және күш құрылымдарының қызметкерлері арасында шағын футболдан Жастар жылына арналған «Динамо» ДШСҚ VIII ведомствоаралық спартакиада жарыстарының бірінші түрі аяқталды.

Спартакиаданың басты марапаттары үшін 10 құрама команда – ҚР ІІМ, ҚР ҰҚК, ҚР ІІМ ТЖК, ҚР Ұлттық Ұлан, ҚР ҰҚК ШҚ, ҚР Бас прокуратурасы, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитеті, ҚР ІІМ ҚАЖК, ҚР ІІМ МКҚБ, ҚР Қорғаныс министрлігі бақ сынасты.

Дүбірлі доданың нәтижесінде ҚР ІІМ командасы кезекті рет чемпионаттың жеңімпазы атанды.  ҚР ҰҚК Шекара қызметінің құрамасы екінші жүлделі орынға ие болды.  Осы маусымда жүлделі үшінші орын ҚР Бас прокуратурасы командасына бұйырды.

Жүлделі үштік команда капитандарына «Динамо» ДШСҚ -ның кубоктары мен дипломдары табыс етілді, ал ойыншыларға мақтау қағаздары, медальдар және спорттық сыйлықтары табыс етілді.

Ұйымдастыру комитеті номинациялардағы үздік ойыншыларды сыйлықтармен марапаттады. Олар: ҚР Бас Прокуратурасынан қақпашы Қуаныш Зұлқашев, ҚР ІІМ-нен қорғаушы Данияр Сағындықов және ҚР ҰҚК Шекара қызметінен шабуылшы Марат Отыншиев.

 

 

Серіктестер
Видео