«Марафон 18 – 760greenkm»

20 қыркүйекте Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына, қазақстандық «Динамо»  спорт қоғамының 95 жылдығына және «Еріктілер жылына»  арналған «Марафон 18 – 760greenkm» бүкілқазақстандық спорттық-экологиялық акциясы басталды.

«Динамо» қозғалысының белсенділері Ғалым Чуашев, Айдын Сәдібеков және Дмитрий Ким 18 күн ішінде Қазақстанның 18 қаласында 18 марафон өткізеді. Әр қаладағы марафонның ұзақтығы — 42 км 200. 18 марафонның жалпы ұзындығы-760 км.

Сондай-ақ, марафонды өткізу барысында қоршаған ортаны сауықтыру мақсатында әр қалада символикалық ағаш отырғызу жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

Жобаның міндеті-қоршаған орта мен экологияға адамдардың көзқарасын оята отырып, отырып, табиғатты болашақ ұрпаққа сақтау, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау

«760greenkm» — Қазақстанның әр қаласында күн сайын 42 км марофон жүгіре отырып, әуесқой спортшылар өздерінің физикалық дайындықтарының шегін сынайтын еліміздегі алғашқы жоба болмақ.

 

 

Серіктестер
Видео