Сербияда өткен 58th Belgrade Winner бокстан халықаралық турнирде қазақстандық динамошылар 6 медаль жеңіп алды

Финалдық жекпе-жектің қорытындысы бойынша жарыстың алтын медалін Қазақстанның екі «Динамо» спортшылары жеңіп алды. 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ертуған Зейнулинов жарыстың «алтыны» үшін болған жекпе-жекте ресейлік қарсыласынан сенімді жеңіске жетті. Қазақстан командасының қоржынына 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде динамошылар Нұрбек Оралбай мен 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Василий Левит салды. Үш қола жүлдені Абылайхан Жүсіпов (69 келіде), Нұрқанат Райыс (75 келіде) және Нұрлан Сапарбай (+91 келіде) иеленді.

 

 

 

 

Серіктестер
Видео