Спорт күні мерекесі қарсаңында өткен «Спортсыз күн жоқ» атты республикалық ең үздік видео жаттығулар байқауында Алматы қаласының жас динамолық спортшысы Мұхамеджан Алихан 3-орынды иеленді. Оның грек-рим күресінен жаттықтырушы Дмитрий Булах. Алиханға жүлдесін «Динамо» спорт қоғамы төрағасының орынбасары Асқар Омарқұлов табыстады. Және Алиханға бүгін динамолық ардагер спортшы, Олимпиада чемпионы, КСРО спорт шебері Сергей Котенконың батасын алу бұйырды.

Бес гвардияшы-динамошы қоян-қолтық ұрыстан ел чемпионы атанды
Щучинск қаласында 1-5 сәуір аралығында ерлер мен әйелдер арасында қоян-қолтық