СҚО-да облыстық полиция бастығы «Динамо» ДШСҚ 95 жылдығына орай спорт ардагерлерін марапаттады

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің музейінде «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамының 95 жылдығына орай ардагерлер мен спортшыларды марапаттау рәсімі өтті.

Ардагерлер мен кәсіби спортшылар – санитарлық нормаларды сақтай отырып, спорттық қоғамның атағын дүркіреткен түрлі жастағы спортшылар марапаттарын алуға жиналды. СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев, солтүстікқазақстандық «Динамо» филиалында басым бөлігі полиция қызметкерлерінен тұратын, құқық қорғау органдарының үш мыңнан астам қызметкерінен құралған 28 дене шынықтыру  ұжымы бар екендігін атап өтті. «Полиция қызметі және спортпен щұғылдану ажырамас ұғым. Дене бітімі шымыр, моральдық тұрақты әрі рухы мықты полиция қызметкері ғана қойылған міндеттерді тиісті деңгейде орындап шығады», — дейді облыстың бас полицейі.

Марапаттау рәсімі солтүстікқазақстандық динамо қозғалысы ақсақалдарының батасымен басталды. Дәл осы күні жеңіл атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Михаил Литвиннің Токиода өтетін Жазғы Олимпиадалық ойындарға қатысуға жолдаманы растау шеңберінде Александр Винокуров атындағы Спорт сарайы алаңында өзінің кезекті жарысын өткізуі тұспа-тұс келіп тұр. Ардагер-динамошылар спортшыға жеңіс пен спортта биік шыңдарды бағындыруын тіледі.

Юрий Трошин, Николай Зубарев, Вадим Шақшабаев, Бауыржан Құлжанов, Сергей Кручина, Виктор Денисенко, Валерий Антясов, Сергей Татымов – өткен ғасырдың ортасы мен соңындағы баршаға мәлім белгілі спорт жұлдыздары, ондаған жылдар бойы облыс полицейлеріне самбо мен қоян-қолтық ұрыстың әдіс-тәсілдерін үйреткен нұсқаушылар ретінде залға жиналды. Сонымен қатар, СҚО әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Сергей Мелехов те шақырылды. Погон таққан қазіргі спортшылар – Қанат Қазанғапов, Олег Гурский де болды. Олардың әрқайсысы «Динамо» спорт қоғамының 95 жылдығының құрметіне естелік медальмен марапатталды. Спорттық мерейтойдың құрметіне орай, СҚО ПД Музейінің меңгерушісі Любовь Осинская мен СҚО ПД бөлім басшысы Мәдина Балғашоқоваға алғыс хат табысталды. Сондай-ақ облыстық полиция ведомствосының басшысы үлгілі қызметі үшін «Динамо» ДШСҚ облыстық филиалының бас маманы, әйгілі спорт қоғамының ақ-көк түсті туының астында ондаған жылдар бойы жұмыс атқарған Галина Скорыхқа жеке алғыс білдірді.

«Динамо» ДШСҚ облыстық филиалының бірінші орынбасары Талғат Тұғынбаев: әйгілі конькимен сырғанаушылар мен велошабандоздар ұрпақтарының  облысымыздың жас спортшылармен және полицейлерімен кездесуі көңілге қуаныш ұялатады дейді.  Аты аңызға айналған адамдардың атқарған істері спортта жаңа жетістіктерге қолжеткізуге жақсы серпін болады. Қазақстанда өткен ғасырдың басында «Динамо» спорт қоғамының ұжымы алғашқылардың бірі болып Петропавлда ашылған.

 

Серіктестер
Видео