Шекарашы желаяқ

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының  курсанттары  әскери сабақтардан бөлек еліміздің әр өңірінде ұйымдастырылатын спортық жарыстарға қатысып тұруды дәстүрге айналдырған.

Мысалы, майор Қанат Бердіқұлов жетекшілік ететін 4-оқу дивизионының курсанттары спорт десе ішкен асын жерге қояды. Жақында аталмыш оқу дивизионының курсанты Руслан Ахметжанов қашықтыққа жүгіруден Алматы қаласында ұйымдыстырылған «Almaty-Race» финалдық жарысына қатысып 12 шақырымға жүгірді. Нәтижесінде, «Алматы-Арена» мұз айдынында ұйымдастырылған шарада Руслан Асенұлы 46 минут 52 секундта жүгіріп өтіп, 2 орын алды.

Айта кету керек, курсант Р.Ахметжанов аталмыш шараға қатысу үшін бұған дейін 16-30 қараша аралығында Алматы қаласында өткізілген «Экстремалдық Атлетика» жарысына қатысқан болатын.

«Абай» даңғылында, «Қазақстан қонақ үйінде» 500 метр биіктіктегі өрге жүгіру және «Цирк» аумағындағы спорттық стадионда 10 шақырымға жүгіру бойынша өткізілген жартылай финалдың іріктеуінен жүлделі орындарды иеленіп, алғашқы ондыққа енген 30-ға жуық желаяқтың арасында біз сөз етіп отырған шекарашы курсантта бар еді.

Екінші орынды қанжығасына байлаған курсант ефрейтор Руслан Ахметжановты Шекара академиясының бастығы полковник Поливанов Павел Константинович жеке құрамның алдына марапаттап, оның алдағы уақытта өткізілетін жарыстарына сәттілік тіледі.

Серіктестер
Видео