Қаратөбе ауданында футболдан дәстүрлі турнир өтті

Қаратөбе ауданында футболдан дәстүрлі турнир өтті

 

 

 

 

 

БҚО Қаратөбе аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне және прокуратура органдарының құрылуы күніне орай шағын футболдан жарыс өткізілді.

Турнирге барлығы 12 команда қатысты.

Нәтижесінде «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің» командасы жеңімпаз атанса, 2-орынды «Қаратөбе» спорт клубы, ал 3-орынды «Батыс энергоресурсы» АҚ-ның командасы иеленді.

Судьялардың шешімімен «Үздік қақпашы» болып Медетхан Куангалиев (спорт клуб), «Үздік шабуылшы» болып Асылбек Есимгалиев («Батыс энергоресурсы»), «Үздік қорғаушы» болып Магжан Сериков (БЖСМ) танылса, «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясымен аудандық аурухананың ойыншылары марапатталды.

Жеңімпаз командалар мен үздік ойыншыларды аудан прокуроры Ғалымбек Мұхитов құттықтап, әрдайым спортты серік етулерін қолдап, жұмыста сәттілік тіледі.

Командалар мен ойыншыларға кубоктар, грамоталар мен медальдар табысталды.

Айтып өтсек, бұл турнир төртінші жыл қатарынан өткізіліп келеді.

 

Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының

баспасөз қызметі

 

 

 

Серіктестер
Видео