ҚР Тәуелсіздік күніне орай үш өрт сөндіруші «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды

2019 жылғы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында Ішкі істер министрі Ерлан Тұргымбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен ерліктері, батылдықтары мен қайсарлықтары үшін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің № 6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі,  азаматтық қорғау кіші сержанты Сматиллаев Марат Шакирұлына, Ақтөбе облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №7 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі, азаматтық қорғау старшинасы Баймұрзин Қуанар Қадырбайұлына, Шығыс Қазақстан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің № 39 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау старшинасы Төлеуқасымов Ғалымжан Серікұлына наградаларын тапсырды.

Серіктестер
Видео