Главная » Жаңалықтар » Қоян-қолтық ұрыстың сайыпқырандары

Қоян-қолтық ұрыстың сайыпқырандары

Жамбыл облысы ІІД басшылығының 2014 жылғы бекіткен спорттық іс-шаралар кестесіне орай, КЖБ және «Динамо» ДШСҚ-ның ұйымдастыруымен  ІІД қызметкерлерінің  арасында қоян-қолтық ұрысынан өткен жарыс өз мәресіне жетті.DSC_0037

Аталмыш шараға Жамбыл облысы МКҚБ ММ, Жамбыл ст.ЖІІБ, 5513 ә/б және ҚАЖД-нен командалар шақырылды.  Жарыстың салтанатты ашылуына Жамбыл облысы ІІД КЖБ бастығының орынбасары полиция полковнигі И.Зайнулин және ардагер спортшы, Қазақстан Республикасының 5 дүркін чемпионы, Әлем чемпионатының  қола жүлдегері М.Қойшыбек  жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Салмағы 8 санаттағы 88 қызметкерден тұратын 16 команда  жарыста күш сынасты.

Жарыстық қорытындысы бойынша жалпы ережеде командалық есепте ІІД «Арлан» АМБ командасы бірінші орынды иеленсе, екінші орынды ІІД Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ командасы тізгіндеп, Тараз қ.ІІБ 3-ПБ қызметкерлері табан тіреді.

Жарысқа қатысқан қызметкерлер ІІД және «Динамо» ДШСҚ-ның кубоктарымен, медальдармен және грамотамен қатар естелік сыйлықтарымен марапатталды.

DSC_0077 DSC_0357 DSC_0369Жеңіске жеткен үш команда құрамындағы бірінші орынды – 56 келіде Талғат Сейсенов (Тараз қ.ІІБ), 60келіде  Нұрлан Сарсенбаев (Арлан), 65 кгеліде Дәурен Алимбетов (Арлан), 71келіде Жандос Алаберді (ЖҚАЖ), 78 келіде Саяхат Арызбаев (ІІД), 86келіде Нұрлан Еденов (Арлан), 95 келіде Ардақ Шоңғарбаев (Арлан), 95 келіден жоғары салмақта Жомарт Мамбетов (Арлан) иеленді.

Жоғарыда аталған жеңімпаздар ағымдағы жылдың маусым айында Қазақстан Республикасы ІІМ-нің ұйымдастыруымен Атырау қаласында өткізілетін жарыста Жамбыл облысы ІІД командасының құрамы атынан жамбылдық полицейлардың намысын қорғайды.

 

Жамбыл облысы ІІД Баспасөз қызметінің

 басшысы Гүлсара Мұхтарқұлова

x

Check Also

Атыраудағы спорт додасы

Наурыз айының соңғы күні Атырау қаласында құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында қазақ күресі (түйе палуан) ...