Әлем чемпионатына жолдама үшін

Алматыда 28-30 маусым аралығында өткен қоян-қолтық ұрыстан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды. Динамолықтар біздің мектептің дәстүрлі жоғары деңгейін көрсетіп, 14 медаль, соның ішінде төртеуі – жоғары дәрежелі.

ҚРЧ 18 жастан 21 жасқа дейінгі ҚР 16 облысынан командалар қатысты.   Республика біріншілігінде осы күндері ҚР спорт тарихында алғаш рет Қазақстан қабылдайтын әлем чемпионатына іріктеу өтті.  Әлемдік аренадағы жекпе-жек биылғы жылдың 25-28 тамыз аралығында Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді.

 

 

 

 

 

 

Ең мықты балуандар – халықаралық турнирлердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері республика біріншілігін алу үшін бақ сынасты.  Осы жылы республика чемпионаты өте қызу және тартысты өтті.  Алматыда бұл күндері 40°С-қа дейін аптап ыстық болды, бұл  қатысушылардың өздерін сергек ұстап, спорттық дене қалпына қолайлы болмады.  Әлем чемпионатына іріктеу мүмкіндігіне ие болу үшін  тайталасқан жекпе-жек одан сайын қызуды қосып, ұмтылысты күшейтті.  Ештеңеге қарамастан, «Жас Динамо» спортшылары 4 «алтын», 5 «күміс» және 5 «қола» медаль жеңіп алды. Ислам Тұрғанбаев    (65 келі), Бақыт Ғұмаров ( 70 келі), Назерке Кергенбаева (60 келі) және Алина Карпунина ( 65 келі) республика чемпионы атанды.

«Күмісті» — Виктория Ақсақалова ( 55 кг), Әлихан Төлегенов ( 65 кг), Құдрет Тазабек ( 70 кг), Есбол Досжан ( 80 кг), Жанболат Аятхан ( 90 кг) жеңіп алды.       Қоян-қолтық ұрыстың тағы бес қатысушысы негізінен алматылық динамолықтар қоржынына қола медальдарды толықтырды.

ҚР жас динамолықтар – әлем чемпионатына ҚР Ұлттық құрамасының негізгі үміткерлері.   Олардың барлығы біздің – қоян-қолтық ұрыс бойынша жасөспірімдер секциялары мен «Динамо-Ягуар» спорт клубының жаттықтырушылары:  Бахыт Баймұханбетов, Вадим Гамаев, Қайрат Мұқанбеков, Медет Қожбановтың тәрбиеленушілері.

Серіктестер
Видео