Главная » Жаңалықтар » Әлемнің таңдауы

Әлемнің таңдауы

Динамолық спортшы, Рио Олимпиадасының чемпионы Нижат Рахимов «әлемнің үздік зілтеміршісі» атағына ұсынылып отыр. Халықаралық ауыр атлетика федерациясының хабарлауынша, бұл атаққа әзірге әлемнің мықты деген 7 зілтеміршісі таңдап алынған.

Назарға іліккен спортшылардың барлығы Рио Олимпиадасында жеңіс тұғырынан көрінген ауыр атлеттер. Олардың қатарында колумбиялық Оскар Фигероа (62 келіге дейін), қытайлық Лун Цинцюань (56 келіге дейін), ирандық Киран Ростами (85 келіге дейін), өзбекстандық Руслан Нурутдинов (105 келіге дейін) және грузиндік Лаша Талахадзе (105 келіден жоғары) бар. Халықаралық ауыр атлетика федерациясының ресми сайтында жүріп жатқан дауыс беру рәсімі 31-ші қаңтар күні аяқталады.

Нижатқа қатысты тағы бір айтарымыз, ол өткен жылдың соңында Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландинмен Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы спорт командасының құрамына шақырылған еді. Аталмыш шара жаңадан шақырылған жауынгерлерді Ұлттық ұлан қатарына салтанатты түрде шығарып салу кезінде орын алған болатын.

 

x

Check Also

Атыраудағы спорт додасы

Наурыз айының соңғы күні Атырау қаласында құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында қазақ күресі (түйе палуан) ...