Ақтөбеде «Ұлы дала сақшылары» жобасы жалғасын тапты

«Динамо» ДШСҚ  Орталық Кеңесінің бастамасымен  «Рухани жаңғыру» және Жастар жылына орай ұйымдастырылып отырған «Ұлы дала сақшылары» жобасы Ақтөбе облысында жалғасын тапты. Ағымдағы жылдың 31 мамырында Ақтөбе облыстық филиалының  «Динамо»ДШСҚ -ы осы үрдісті жалғастыра отырып,  Ақтөбе облысының ПД бірігіп  Ақтөбе қаласындағы «Аяла» өмірдегі қиын жағдайға ұшыраған балаларды қолдау орталығы ҚММ болып, балалар мен жасөспірімдерге арнап көлемді  іс-шара өткізді. Шараға 39 тәрбиеленушілер түгелдей дерлік қатысты.

Сонымен қатар осы шараға мұрындық болған  Ақтөбе  «Динамо» ДШСҚ төрағасының бірінші орынбасары Арыстан Төлепбергенов, Ақтөбе облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Асхат Келімберлин, Ақтөбе облысы ПБ Кадр саясаты бастығының орынбасары полиция полковнигі Алтыншаш Жасанова да атсалысты. Ақтөбе қаласыдағы «Алақай» қуыршақ театрының әртістерімен ұйымдастырылған театрлық қойылым тәрбиеленушілерді қуаныш сезіміне бөледі. Әсіресе, балалардың болашақта сақшылық қызметті таңдауларына түрткі болған оқиға: Ақтөбе облысы ПД Кинологиялық қызметінің иісшіл қызмет иттерінің қатысуымен көрсетілген көріністер болатын. Көрініс барысында қызметтік иісшіл иттердің көмегімен қылмыскерді ұстау, есірткі заттарын, жарылғыш заттарды табу іс-әрекеттері сауатты жүргізіліп, балаларды таң қалдырды. Тәрбиеленуші, оқу озаты 17 жастағы Константин сақшылық мамандықтың жүрегіне жылы орын тепкенін, осы мамандықты игеру жолында талмай еңбектенетінін жеткізіп, періште көңілмен жүрекжарды алғысын білдірді. Іс шара соңында тәрбиеленуші балалар мен жасөспірімдерге  Ақтөбе облыстық филиалының  «Динамо»ДШСҚ қаржылық қолдауымен алынған, «Динамо» логотипі бар спорттық костюмдер, ҚР ІІМ ЕБҚКД «Біз нашақорлыққа қарсымыз!» атты жазулары бар футболка мен бас киімдер, Ақтөбе ОПД тарапынан спорттық велосипед және басқалай бағалы сыйлықтар таратылды. Іс-шара соңында балаларды  тәтті сусындар мен жеміс-жидектерден жайылған дастархан күтіп тұрды. Келген қонақтарға сый-сыяпат ретінде балалар өз күштерімен ұйымдастырылған өнерлерін тарту етті.  Жалпы Ақтөбе облысында «Ұлы дала сақшылары» жобасы ойдағыдай жүзеге асырылды.