Балаларды қорғау күніне арналған шағын футбол турнирі

31 мамыр күні Алматы қаласындағы «Динамо» стадионында балалар командалары арасында шағын футболдан балаларды қорғау күніне арналған турнир өтті. «Динамо-Алматы» командасы жеңіске жетті. Жеңімпаз командалар кубокпен, медальдармен, дипломдармен марапатталды. Үздік ойыншылар «Динамо» спорт қоғамының арнайы сыйлықтарымен марапатталды.