Қызылордада балалар  мерекесі тойланды

2019 жылдың  мамыр айының 31 жұлдызында   «Динамо» Дене шынықтыру-спорт қоғамы» Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен 1 маусым —  Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Динамо – Қазақстан балаларына» республикалық акциясы  аясында  2006-2007 жылдары туылған балалар мен  жасөспірімдерден құралған мектеп командалары арасында  шағын футбол, арқан тартудан, жарыстар өткізілді.

Аталған жарыс «Динамо» спорт кешенінің  жасанды спорт алаңында ұйымдастырылды. Жарысқа 2006-2007 ж.т. жасөспірімдерден құралған №7 мектеп, №11 мектеп, №12 мектеп, №140 мектеп, №172мектеп, №176мектеп, №235 мектеп және «Динамо» құрама командас,  барлығы 8 команда,  80  жасөспірім   қатысты. Шағын футболдан өткен жарыс нәтижелері бойынша — 3 орынды  №11 мектеп командасы,  2 орынды  № 7 мектеп,  І орынды  иеленіп жеңімпаз атанған   № 176 мектеп командасы.

Шағын футболдан өткен жарыста жақсы ойын өрнегін  көрсеткен жас футболшылар номинациялар бойынша марапатқа ие болды.

«Үздік шабуылшы» номинациясымен  № 176 мектеп  командасының  ойыншысы Бағланұлы Әли, «Үздік қақпашы» номинациясымен — № 172 мектеп командасының ойыншысы Тоқтарбай Диас,  «Үздік қорғаушы» номинациясымен  № 4 мектеп командасының ойыншысы Сүндетов Нұржан, «Үздік ойыншы» номинациясымен — № 7 мектеп командасының ойыншысы Сұлтанбекұлы Әділет, «Үздік доп соғушы» номинациясымен — №176 мектеп командасының ойыншысы Қанышұлы Еділ арнайы сыйлықтар мен дипломдармен марапатталды. Арқан тартудан өткен жарыс нәтижесі бойынша 3 орынды  иеленген «Динамо»  командасы,  2 орынды №11мектеп,  І орынды №176 мектеп командалары.

Шағын футбол мен арқан тарту жарысында жеңімпаз бен жүлдегер атанған командалар, номинациялар бойынша ойыншылар «Динамо» ДШСҚ ҚБ ҚОФ тағайындаған дипломдармен, кубоктармен, бағалы сыйлықтармен  және жекелей сыйлықтармен марапатталды.

Жарыс барысында «Динамо» Дене шынықтыру-спорт қоғамы» Қызылорда облыстық филиалы тарапынан спорттық іс-шараға  қатысушы барлық  жасөспірімдерге  өздеріне  арналған   балмұздақ, тәттілер, сусындар  таратылды.