Дзюдодан  ардагерді  еске  алу турнирі

Қызылорда қаласында Еңбек ардагері және шешен халқының жер аударылуының құрбаны Вахид Ахмадұлы Губановты еске алуға арналған «Батыстық ағын» жобасы шеңберінде дзюдодан III ашық турнир өтті. Бірінші күні облыс әкімінің қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясы сессиясы аясында Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақовтың тарапынан жоғары баға алған «Батыстық ағын» жобасының тұсаукесері өтті. Жоба қазақстандық және шешендік «Динамо», Қызылорда облыстық Білім басқармасы мен Қызылорда облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен жүзеге асырылуда. Турнирдің салтанатты ашылуына Вахид Губановтың ұлы  –   Ислам  Вахидұлы  қатысты.

Дзюдодан мектеп оқушылары арасында өткен турнирге славян, татар, шешен ұлттық мәдени орталықтарының, «Боевое братство» Бүкілресейлік қоғамы, «Байқоңыр» кешеніндегі Ресейдің ІІМБ-сы, Қызылорда облыстық Полиция департаментінің өкілдері атсалысты. Олар балаларды тәрбиелеудегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Жарыс қорытындысы бойынша командаларға қаржылай жүлделер табысталды. Жүлде қоры – жүлделі І орынға – 100 000 теңге, ІІ орынға –70 000 теңге, ІІІ орынға – 30 000 теңге, дипломдарымен және В.А. Губанов атындағы кубокпен марапатталды.