Динамолық спортшы  Нұрғиса Әділетұлы ауыр атлетикадан Азия чемпионатында «Күміс» жүлдегер атанды.

Бұған дейін юниорлар арасында Азия чемпионы атанған динамолық спортшы,  Ұлттын Ұланның  сарбазы  Нұрғиса Әділетұлы ересектер арасындағы чемпионатта ең алғашқы өнер көрсетіп,  86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде «Күміс» жүлдегер атанды. Ол барлығын қосқанда  372 (169+203) келіні көтерді.