Динамолық спортшы Серік Теміржанов бокстан Токио олимпиадасына 8-ші жолдаманы жеңіп алды.

Қазақстан құрамасының боксшысы, динамолық спортшы Серік Теміржанов (57 келі салмаққа дейінгі дәрежеде) Иорданияда өткен  квалификациялық турнирде дебют жасап, бокстан олимпиадалық 8-ші жолдаманы жеңіп алды. Ширек финалда ирандық Даниал Шахбахшаны жеңе отырып, Токио -2020  олимпиадасының жолдама иегері атанды.