«Динамо» ДШСҚ-мен Айналайын» балалар үйі бірлесіп, волейболдан жарыс өткізді

Балалардың күзгі демалысын қызықты ұйымдастыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында  Талдықорған қаласындағы «Айналайын» балалар үйінің басшысы Жадыра Иркимбековна Сейсембаева мен «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамдық бірлестігінің спорт бөлімі басшысы – Атантаев Дидар Сайлауұлының  ұйымдастыруымен 1 – қараша күні тәрбиеші – аналар мен жасөспірім ұл – қыздар арасында волейболдан жарыс өтті.

Аналар арасындағы ойында І орынды «Жұлдыз»  тобы (Команда капитаны – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – Жазира Ахметсапина Андабаева, тәрбиешілер — Х.Т.Баядилова, Ш.Т.Жұмабекова, А.С.Серғазиева, М.Т.Буржанова, Ж.А.Өмірзақова), ІІ орынды  «Болашақ» тобы (Команда капитаны – спорт нұсқаушысы – Руслана Алихановна Сысоева, психолог – Толқынай Берікқызы Тұрдахынбаева, тәрбиешілер – Ш.Р.Жубаева, Д.Ш.Умерзакова, А.Қ,Малибекова, Б.Д.Байтоқова) иеленді.

Балалар арасындағы ойында І орынды «Қыран» ұлдар тобы (Команда капитаны – Чернов Радмир, Журавлев Николай, Коваленко Евгений, Үсенов Еділ, Ниязбаев Темірлан, Рыльков Дмитрий), ІІ орынды «Успех» қыздар тобы (Команда капитаны – Үңгірбаева Насихат, Скотарева Валентина, Белоносова Снежана, Новомлинова Любовь, Тұрсынақын Толғанай, Мамучева Екатерина) жеңіп алды.

Дидар Сайлауұлы балаларды құттықтап, арнайы грамоталар табыстап, сыйлыққа доптар, кітаптар, электр шәйнегін тарту етті.

«Айналайын» Балалар үйі» КММ – нің ұжымы «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамдық бірлестігінің ұжымына және Дидар Сайлауұлына шексіз алғыс білдіріп, еңбек жолдарының табысты болуына тілектеспіз!