Жамбылда балалар күніне арналған ауқымды шара өтті

31 мамыр күні  Полиция департаменті және «Динамо» ДШСҚ ЖОФ  ұйымдастыруымен  1 маусым –  Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған  «Динамо» – Қазақстан балаларына республикалық акция аясында  спорттық іс-шаралар  өткізілді.

Жарысқа 6 команда қатысты. Атап айтқанда, «Дарын» мектеп-интернаты, Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері, «Білім – инновация» мектеп-интернаты,    Н. Тілендиев атындағы мектеп интернаты, IT  лицей интернаты, Қазақ-түрік лицейі және Н. Назарбаев атындағы зияткерлік мектебі оқушыларынан құралған 2005-2009 жылғы 60 жасөспірім спортшы қатысты. Жарыс ережесіне сай  командалар арқан тарту, эстафеталық жүгіру, «көңілді старт»  эстафетасы және шағын-футбол бойынша сайысқа түсті.

Жарысты «Динамо» ДШСҚ  ЖОФ төрағасының бірінші орынбасары Ж.А. Ысқақ салтанатты  сөз сөйлеп, ашық  деп жариялады. Салтанатты ашылу рәсімінде Қазақстан Республикасының чемпионатында жоғарғы нәтижеге қол жеткізіп спорт шебері дәрежесін иеленген Динамо қоғамының жас таеквондошылары  Құрманбеков Арманжан, Тастанов Нұрсеит, Карибаева Сымбат және жаттықтырушы Байқоңыров Асылбек алғыс хаттармен және Динамо қоғамының спорттық киімдерімен, естелік сыйлықтармен марапатталды. Арқан тарту бойынша жүлделі 3- орынды Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері,  2- орынды  IT  лицей интернаты командасы, 1-орынды  Н. Назарбаев атындағы зияткерлік мектебі командасы иеленді.

Эстафеталық жүгіру бойынша 3-орынды   IT  лицей интернаты командасы, 2-орынды Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері, 1-орынды  Н. Назарбаев атындағы зияткерлік мектебі командасы жеңіп алды.  «Көңілді старт»  эстафетасы бойынша 3-орынды  Н. Назарбаев атындағы зияткерлік мектебі командасы,  2-орынды IT  лицей интернаты командасы, 1-орынды  Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері иеленді.  Шағын футболдан өткен  турнирдің қорытындысы бойынша  3-орынды IT  лицей интернаты командасы, 2-орынды  қазақ-түрік лицейы командасы, 1-орынды Н. Назарбаев атындағы зияткерлік мектебі командасы жеңіп алды. Турнирдің үздік қақпашысы Айтанов Ерболат, үздік қорғаушы Қошанай Бекмұрат, үздік шабуылшы Ибраим Айбек және үздік ойыншы болып Шакен Ерасыл танылды.

Жарыстың қорытындысы бойынша командалық  3-орынды  IT  лицей интернаты командасы иеленсе, 2-орын  Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілеріне бұйырды, ал 1-орынды          Н. Назарбаев атындағы зияткерлік мектебі командасы ұтып алды. Жарыс жоғарғы деңгейде өтіп, барлық  жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Динамо»  қоғамының кубоктарымен, медальдарымен, дипломдарымен және естелік сыйлықтармен   марапатталды. Спорттық іс-шараның соңында жарысқа қатысушы жасөспірімдерге  спорттық киімдер мен балмұздақтар таратылды.