Жарайсың, Дима!

Қытайдың Гуанчжоу қаласында өткен  Champions Swim Series халықаралық біліктілік турнирінің бірінші кезеңінде біздің динамошымыз, жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин Токио-2020 олимпиадалық лицензиясының иегері атанды. Екінші кезеңде Будапештте динамошы: 200 метр қашықтықта  брасс әдісі бойынша жүзуден және 4 х 100 метр аралас эстафетада екі қола медальға ие болды.