«Жас динамошылар» арасында дзюдодан ашық турнир

1 желтоқсан Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне орай  «Жас динамошылар» арасында дзюдодан ашық турнир өткізілді. Жарысқа Шымкент ,Қызылорда, Орал, Ақтөбе қалаларынан және облыс аудандарынан спортшылар қатысты. Сайыс 2007-2012 жылы туылған «Жас динамошылар» арасында өтті. Ашылу салтанатында қатысушыларға сәттілік тілеп, жарыс өте қарқынды басталды.

Барлық спортшылар 18,20,23,26,29,32,35,38,42,+42,46,50,55,+55 кг  салмақ дәрежелері бойынша сайысқа түсіп, жүлделі орындарға ие болды. Жарыс соңында жеңімпаздар диплом және медальдармен марапалттады.Ідәл төрешілік еткен Төрешілер де алғыс хатпен марапатталды.