Жағажай жағасындағы жарыс

2019 жылдың 4 маусымында Шекара қызметі академиясының базасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған жағажайлық волейбол жарысы өткізілді. Жарысқа динамолықтар, ҚР ҰҚК Шекара қызметі Алматы гарнизонының бөлімдері мен бөлімшелерінен 14 ер және 8 қыз бала командалары  қатысты. Жарыс жоғары деңгейде өтті.

Барлық командалар қызықты және тартысты ойын көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша қыздар арасында бірінші орынды Шекара қызметі академиясының командасы жеңіп алды, екінші орынды 2010 әскери бөлімінің қыздары еншіледі, ал үшінші орын 2177 әскери бөлімінің қыздарына бұйырды. Ерлер командалары арасында бірінші және екінші орынды 2021 әскери бөлімінің Қарасай шекара отрядының командасы өзара бөлісті, үшінші орынды Шекара қызметі академиясының командасы иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен және кубоктармен марапатталды.