ЖЕҢІСКЕ ЖЕТЕЛЕГЕН ӘН

2019 жылғы 5 мамырда  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Динамо» ДШСҚ-ның «Ұлы дала сақшылары» жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күніне орай «Динамо» алаңында Алматы Сән және дизайн колледжі ұйымдастырған әскери-спорттық іс-шара өтті.

Мерекелік іс-шара алаңның орталық бөлігінде колледждің әскери жетекшісінің «Сап түзел», «Түзу тұр» колледж директорына рапорт беру және I,II бағам студенттерінің сап түзеліп тұруынан басталды. Әскери жетекшісінің бұйрығы арқылы алаңға Қазақстан Республикасының туы кіргізілгеннен кейін Қазақстан Республикасының

әнұраны орындалып, қонақтар көрермендер алаңдағы орындарға жайғасты.

Мерекелік көңіл күймен бастаған жүргізушілер, алғашқы құттықтау сөзін колледж директоры Яковлева Надежда Николаевна ханымға берді.

Әскери-спорттық іс-шараның арнайы қонақтары Алмалы ауданы әкімінің орынбасары —  Бекжанова Айнұр Серікқызы, Білім басқармасы басшысының орынбасары — Жылқыбаева Ләззат Әуесханқызы және әр топ  командирлерін таныстырылды. Әділқазылар алқасы топтың әскери жүруін бағалады. Әскери іс-шара 3 турдан: 1-кезеңде топтар сап түзеу, 2-кезеңде ән, 3-кезеңде дефиледен тұрды. Әр топтың өзіне тән киім үлгілері , әндері және ұрандары бар.

Колледждің Алғашқы Әскери жетекшісі аға лейтенант Әмірбек Шаймерденұлының бұйрығымен колледждің 1,2 бағам  топтары әскери шеруге қатысты.Көктем, күн, тау, жастар…….

Осы көрініс бұдан әрі спорттық жарысқа ұласты. Колледж студенттері, ата-аналар, ұжымының 100 метр қашықтыққа жүгіруі күнделікті көре бермейтін қызықты көрініс. Жанкүйерлердің командаларына деген ықыласы мен қолдауы сезіліп те, білініп те тұрды. Ал ұлттық ойындар жарысында қатысушылар белсенділігі арта түсті. Осымен спорттық ойыны жарысы аяқталып,  командалар қайта сапқа жиналды. Әскери-патриоттық, спорттық іс-шара жүргізушілердің қатысушылар мен қонақтарға деген ыстық лебізін, тілегін айтумен өз мәресіне жетті.