Канаданың Калгари қаласында фристайл-могул бойынша әлем кубогында динамолық спортшы Юлия Галышева күміс жүлдегер атанды

Канаданың Калгари қаласында фристайл-могул бойынша әлем кубогында динамолық спортшы Юлия Галышева күміс жүлдегер атанды

Аталған жарыста ерлер арасында ел намысын Дмитрий Рейхерд қорғаған болатын. Ол 84,19 ұпай жинап, үздік үштікті түйіндеді. Екінші орынды швециялық Уолтер Уолберг(85,10) алса, бірінші орынды канадалық Микаэль Кингсбери(89,09) жеңіп алды. Ал әйелдер арасындағы сында Юлия Галышева 80,69 ұпай жинап күміспен күптелді. Алтын алқаны франциялық спортшы Перрин Лаффон(81,22) алды. Қола медаль канадалық Жюстин Дюфор-Лапуантқа (79,94) бұйырды.

Басқа қазақстандық спортшылар жарыстың ақтық сынына шыға алмады.