Мерекелік медальмен марапатталды.

Шекара қызметінің қатарында қызмет етумен қатар спорттық жарыстарда топ жарып, еліміздің абыройын асқақтатып, көк байрағымызды әлемдік додаларда желбіретіп жүрген динамолық шекарашы-спортшыларымыз аз емес. Бір ғасырлық тарихы бар «Динамо» спорт қоғамының дамуына үлес қосып, жоғары дәрежелі спортшыларды дайындағаны үшін  Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара академиясының басшылары мен  бірқатар офицер-оқытушылар, академияның ардагерлері сондай-ақ спорттағы жоғары жетістіктері үшін шекарашы-спортшыларымыз «Динамо» спорт қоғамына 95 жыл!» мерекелік медалімен марапатталды.