Отбасы күніне арналған волейболдан жарыс

2021 жылғы 11 қыркүйекте «Динамо ДШСҚ ҚБ спорт кешенінде Семей қ. ПБ бірлесіп, барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, Семей қ. ПБ бөліністері мен Семей гарнизоны арасында Отбасы күніне арналған волейболдан жарыс өтті. Жарысқа 7 команда қатысып, бірінші орынды ШҚО ПД ЖҚАЖ командасы, екінші орынды Семей қ. ПБ аппаратының командасы алды және үшінші орынды Семей қ. ПБ Әуезов ПБ командасы иеленді.Жеңімпаздар «Динамо ДШСҚ ҚБ кубоктарымен және грамоталарымен марапатталды, сонымен қатар «үздік шабуылдаушы» болып Б.Кабдешов — ПД ЖҚАЖ, » үздік қорғаушы болып Г.Битенбаева — Әуезов ПБ, » үздік пас беруші болып С.Енсебаев — Семей қ.ПБ танылды. Жарыс жеке құрамның дене шынықтыру даярлығын арттыру, салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау мақсатында өткізілді.