«Санкт-Петербург-2021 Губернатор  Кубогі»

Бокстан «Санкт-Петербург-2021 Губернатор  Кубогі» халықаралық турнирінде Қазақстан құрама командасы жеңіп алған 7 медальдің 4-еуі динамолық спортшылардың еншісінде.  Асланбек Шымбергенов (69 келі) және Бекзад Нұрдәулетов (81 келі) чемпион атанды. Ал  қоланы  Даниял Сәбит (49 келі) пен Айбек Оралбай (91 келі) қанжығасына байлады.