Спорттық гимнастика бойынша жасөспірімдер арасында республикалық ашық турнир

Жуырда спорттық гимнастиканы танымал ету, салауатты өмір салтын насихаттау және бапкерлердің тәжірибе алмастыру мақсатында «Динамо» спорт қоғамы Алматы қаласында спорттық гимнастика бойынша жасөспірімдер арасында республикалық ашық турнир өткізді. Кейбір спортшылар үшін бұл жарыс алғашқы болса, кейбіреулері үшін спорттық разрядтар бойынша нормативтерді орындауға мүмкіндіктер берді.