Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионаты

31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қарағанды қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер арасында XIV әлем чемпионаты және әйелдер арасында VII әлем чемпионаты өтті. Чемпионатқа әлемнің түкпір-түкпірінен 18 құрама қатысты. Қазақстанның құрама командасы бағдарлама түрінде жалпыкомандалық 1-ші орынға ие болды — жауынгерлік қанат жаю, алтын медальдарды жеңіп алды. Ұлттық команда құрамында шымкенттік азаматтық қорғау кіші сержанты динамошы Қазақбаев Вахиджан қатысып, үшінші рет әлем чемпионы атанды. (2014, 2015 және 2021). Әйелдер арасында Қазақстанның құрама командасы бағдарлама түрінде жалпыкомандалық 3-ші орынға ие болды-жауынгерлік қанат жаю, қола медальдарға ие болды. Команда құрамында шымкенттік динамошы, тылдық қамтамасыз ету технигі Салмина Валентина қатысты. Спортшылардың жеке жаттықтырушысы Қазақстанның ұлттық әйелдер командасының жаттықтырушысы азаматтық қорғау подполковнигі Данияр Әбдіхалықов.