Шымкентте бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды!

Шымкент қаласында өткен боктан  Қазақстан чемпионатында динамолық боксшылар үздік өнер көрсетті.

57 келі салмақта павлодарлық Серік Теміржанов топ жарып, Олимпиада лицензиясын иелену құқығын растады.

69 келіге дейінгі салмақта Олимпиада жолдамасының иегері қарағандылық Абылайхан Жүсіпов алтын жеңіп алды.

81 келіге дейінгі финалда рингте екі әлем чемпионы кездесті . 2019 жылы Екатеринбургте өткен әлем чемпионатында элиталық ересектер дивизионында үздік боксшы атағын жеңіп алған 22 жастағы Бекзат Нұрдәулетов және 2018 жылы жастар арасында әлем чемпионы атанған Нұрбек Оралбай. Нәтижесінде үш раундтан кейін Бекзат жеңіске жетті.

Ауыр салмақта қызылордалық Қамшыбек Құңқабаев жеңіске жетті

Әйелдер арасында Алматы командасының атынан екі дүркін әлем чемпионы 27 жастағы Назым Қызайбай қазақстандық бокстағы өзінің көшбасшылық орнын тағы да растады. 51 келіге дейінгі финалда ол шымкенттік спортшы Ангелина Лукаспен қызу жекпе-жек өткізіп, жеңіс тұғырына көтерілді.

Әйелдер финалындағы ең қызықты жекпе-жектердің бірі 75 келіге дейінгі санатта өтті. Лондондағы Олимпиада ойындардың жүлдегері, ұзақ үзілістен кейін рингке оралған 31 жастағы Марина Вольнова қостанайлық 20 жастағы спортшы Надежда Рябецпен шайқасты. Рябец өзінің артықшылығын және ұлттық құраманың бірінші нөмірі деп аталу құқығын дәлелдеді.