Шымкентте  ҚР Ұлттық ұланының қоян-қолтық ұрыс бойынша біріншілік өтті.

Сайыс Ұлттық ұланның 1995 жылы тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан 17 жауынгерін еске алу және құқықтық тәртіп әскерінің құрылғанына 25 жыл толуына ұйымдастырылды.

Жарысқа  Ұлттық  ұланның  «Орталық», «Оңтүстік», «Батыс», «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы, Әскери институты және  5573 әскери бөлімдерінен келген  6 команда қатысты.     Әскери-қолданбалы спорт түрінен  қатысушылар   9 салмақ бойынша бақ сынады.  Үш күнге созылған  сайыс  қорытындысы  бойынша     командалық есепте   «Оңтүстік»  өңірлік қолбасшылығының сарбаздары  бірінші орынды жеңіп алды.  Екінші орынға  «Батыс»,  ал  «Орталық»  өңірлік қолбасшылығының  спортшылары  үшінші орынға жайғасты.     Жеңімпаздар «Ұлттық ұлан» медалімен және мақтау қағаздарымен марапатталды.