Шымкенттік дзюдошы жас динамошылар қалалық турнирде жоғары нәтижелер көрсетті

 

 

 

 

 

 

 

Шымкент  қаласында  дзюдодан  қалалық турнир  өтті.  Жарысқа қалалық спор клубтарынан 200-ден аса спортшылар қатысты.  15-жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы сайыста шымкенттік жас динамошылар ағайынды Исмаилов Азибек (35кг.) және Азатбек (42кг.) , ағайынды Әуез Ерасыл (60кг.) және  Нұрасыл (66кг.), Тұрдыбеков  Шынғыс (38кг), Надыров Самандар (40 кг), Шуба Владимир (42кг), Исматуллаев Диярбек (45кг), Жүсупжанов Қасымбек (48кг), Трусов Илья (55кг), Сыздықов Әділет (60кг), Бейбут Ораз (+73кг), қыздар арасында Иззатова Зейнеп (36 кг), Рисметова Мадина (44кг), Аманова Ұлжан (57кг) Алтын медаль иеленді.

Ал 15-16 жастағы жасөспірімдер арасындағы жарыста  жас динамошылар Рисметова Мадина (44кг) және Жакипбеков Алтынбек Алтын медальді иеленса,  Иззатова Зейнеп (36кг), Торакулов Искандер (46кг), Ауез Мұқагали (+73 кг)  күміс жүлдегерлер атанды. Қола жүлдеге Сыздыков Әділет (66кг) және Кулахмет Нусер (+73 кг) ие болды. Талантты дзюдошыларды спорт шебері, отставкадағы полиция полковнигі  Черепанов Юрий Анатольевич жаттықтырады.