Қарағанды облысы Полиция департаментінің 6 қызметкері республикалық турнирде жүлделі орындарға ие болды

Алматы қаласында Жеңіс күніне және Жастар жылына арналған құқық қорғау органдары мен күш құрылымдары арасында самбо және жауынгерлік самбо күресінен ашық республикалық турнир өтті. Турнирге сонымен қатар, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің: Ресей Федерациясы, Өзбекстан Республикасы, Қырғызстан Республикасының командалары қатысты.

Жарыстың басты мақсаты жас ұрпақты патриоттық және дене тәрбиесі, самбо және жауынгерлік самбо күресінің жаппай дамуына ықпал ету, сонымен қатар спорттық шеберлік деңгейін арттыру болып табылады. Турнир 2019 жылғы 10-12 мамыр аралығында «Достық» спорт сарайында өтті. Ұйымдастырушылар Алматы қаласы әкімдігі, «Динамо» ДШСҚ ОК және «Алматы қаласы САМБО федерациясы» ҚБ атынан аталмыш турнир жоғары деңгейде өтті.

Спортшылар самбо және жауынгерлік самбо күресінен 9 салмақ дәрежесінде күш сынасты. Әр командада 20 спортшы болды. Өз чемпиондарымен танымал Қарағанды облысы Полиция департаментінің командасы құрмет тұғырына бірнеше рет көтерілгені қуантады. Осылайша, жауынгерлік самбо бойынша 1 орынды:

— 62 кг. салмақ дәрежесінде – Қарағанды облысы ПД АЖӘЖ  аға инспекторы Омаров Тайбек;

— 100 кг. салмақ дәрежесінде – Қарағанды облысы ПД АЖӘЖ  инспекторы Төлеубаев Құдайберген иеленді.

— 90 кг. салмақ дәрежесінде – Бұхар-Жырау аудандық ПБ Ғ.Мұстафин атындағы кентінің  ЖКБ ПБ аға жедел уәкілі Измұханов Шыңғыс 2 орын алды;

Самбодан:

— 100 кг. жоғары салмақ дәрежесінде 1 – орынды Қарағанды облысы ПД АЖӘЖ-ның  инспекторы Амантаев Самат иеленді;

— 90 кг. салмақ дәрежесінде 3 – орынды Қарағанды облысы ПД АЖӘЖ-ның инспекторы Дартаев Айдын;

— 100 кг. салмақ дәрежесінде 3 орынды – Қарағанды облысы ПД АЖӘЖ-ның   взвод командирі Халилин Нұржан иеленді.