«Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен қазақстандық боксшы Геннадий Головкин марапатталды.

Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында еліміздің Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев  аты аңызға айналған  боксшы  Геннадий Головкинді  «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен марапаттады.
«Ішкі істер министрлігі  Геннадий Головкиннің кәсіби бокстағы ерен еңбегін және  біздің елімізде осындай  ерекше спортшының   барын мақтан етеді. Головкиннің спорттағы жеңістері, оның бойындағы  күш-жігері ІІМ барлық құрамына үлгі болмақ» -деп атап өтті министр Ерлан Тұрғымбаев.
Геннадий Головкин бокспен әуестеніп жүрген кезінде ІІМ Ішкі әскерлер спорт командасының құрамында болған.