Қазақстан Президенті Рио-де-Жанейродағы Олимпияда ойындарында жеңіске жеткен Данияр Елеусіновке құттықтау жеделхатын жолдады

b6f934d1e0c735e5eb0db7fd13b4a05aБұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Жылдар бойы тынымсыз төгілген тер мен зор қажыр-қайраттың және үлкен шеберліктің нәтижесінде дүниежүзілік спорт додасында қол жеткізілген бұл жеңіс барша қазақстандықтарға шексіз шаттық сыйлады. Бұл жеңіс осы бәсекені тамашалаған мыңдаған жасөспірімнің спортпен айналыса бастауына, олардың шыныққан шымыр болып өсуіне және мақсатты өмір сүруіне жаңа серпін беретіні сөзсіз»
Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев