Қоян-қолтық ұрыс алаңындағы сақшылар

Қоян-қолтық ұрыс алаңындағы сақшылар - ДинамоСәуірдің 2-і мен 3-і күндері Алматы қаласы ІІД-нің спорт залында қоян-қолтық ұрыстан «Динамо» спорт қоғамының ашық біріншілігі ұйымдастырылды. Жекелей және командалық сында жүргізілген сайыс «Динамо» ДШСҚ Спартакиадасының бағдарламасы аясында өткізілді.

         Жарыс Ұлы жеңістің 70 жылдығы мен «Динамо» спорт қоғамының 90 жылдық мерейтойына арналды. Оған Алматы гарнизонынан жиналған 11 команда қатысты. Жалпы спортшылардың саны – 96. Екі күн бойы кім мықтыны анықтаған біріншілік өте тартысқа толы болды. Себебі, қоян-қолтық ұрысын жетік меңгерген құқық қорғау қызметкерлері қолдан келгенше аянып қалмай, жүлделі орындарға таласты. Алайда, барлық қарсыласынан басымдық танытқан ҚР ІІМ «Сұңқар» арнайы мақсаттағы жасағы командалық есеп бойынша бірінші орыннан көрінді. ҚР ҰҚК ШҚ Академиясының командасы екінші, Алматы қаласы ІІД командасы үшінші орын алды. Қоян-қолтық ұрыс алаңындағы сақшылар - Динамо1Ал, жекелей сында мына спортшылардың бағы жанды.

55 келіде: І орын – Қазбек Сағым (Алматы қ.ІІД), ІІ орын – Нұржігіт Палжігітов (ҚР ҰҚК ШҚ Академиясы), ІІІ орын – Ерасыл Ұзақов (ҚР ІІМ Академиясы).

60 келіде: І орын – Ермек Маретбаев (Алматы қ. ІІД), ІІ орын – Еркебұлан Сәрсенбай (ҚР ҰҚК ШҚ Академиясы), ІІІ орын – Аслан Бақытжанов (ҚР МКҚ).

         65 келіде: І орын – Сәкен Құлжабек (ҚР ІІМ Оқу орталығы), ІІ орын – Жасұлан Бауедимов (ҚР ІІМ «Сұңқар» АМЖ), ІІІ орын – Ернар Темірбек (Алматық.ІІД).

Қоян-қолтық ұрыс алаңындағы сақшылар - Динамо2     70 келіде: І орын – Қуаныш Зарипов (ҚР ІІМ «Сұңқар» АМЖ), ІІ орын – Мадияр Ақшолақов (ҚР ҰҚК ШҚ Академиясы), ІІІ орын – Ербатыр Шакенов (ҚР ҰҚК ШҚ Академиясы).

75 келіде: І орын – Еркен Жұмартов (ҚР ІІМ «Сұңқар» АМЖ), ІІ орын – Бекжан Досымов (ҚР ІІМ «Сұңқар» АМЖ), ІІІ орын – Айдын Өтеғұлов (ҚР МКҚ).

80 келіде: І орын – Ерік Шәріпов (ҚР ҰҰ «Бүркіт» АМЖ), ІІ орын – Эльшан Мұхтаров (Алматы қ. ІІД), ІІІ орын – Нұрдәулет Әділов (ҚР ІІМ Академиясы).

85 келіде: І орын – Шыңғысхан Кенжебаев (ҚР ІІМ Оқу орталығы), ІІ орын – Медет Пазыл (ҚР МКҚ), ІІІ орын – Нұрәлем Бақылтай (ҚР ІІМ Академиясы).

90 келіде: І орын – Жанболат Бисенғалиев (КФК-15), ІІ орын – Асан Ғұмаров (ҚР МКҚ), ІІІ орын – Мейірбек Сәлімжанов (ҚР ҰҰ «Бүркіт» АМЖ).

90 келіден жоғары: І орын – Элдар Сыдықов (Алматы қ.ІІД), ІІ орын – Данияр Үстембаев (ҚР МКҚ), ІІІ орын – Сұлтан Саменов (ҚР ҰҚК ШҚ Академиясы).

Жеңімпаз спортшылар «Динамо» спорт қоғамының атынан арнайы медаль және грамотамен марапатталды.