Әйелдер боксынан көш бастадық

Әйелдер боксынан көш бастадық - ДинамоМамыр айының соңында Астана қаласында бокстен әйелдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Онда өнер көрсеткен аруларымыз 4 алтын және 2 қола медаль еншілеп, командалық есеп бойынша бірінші орын иеленді. Төрткүл дүниенің нәзік жанды былғары қолғап шеберлері бас қосқан дүбірлі бәсекеде қарсыластарын қоғадай жапырған жерлестеріміз өздеріне жүктелген міндетті артығымен орындап шықты.

Ел орда төрінде жалауын көтерлілген әлем біріншілігінде 67 елден келген 300-ге жуық Ел орда төрінде жалауын көтерлілген әлем біріншілігінде 67 елден келген 300-ге жуық спортшылар бақ сынадыспортшылар бақ сынады. Бұл бәсекеде әр мемлекеттің бір салмақта бір адамнан, жалпы алғанда 10 спортшы қатыстыруға мүмкіндігі болды. Сондай-ақ, чемпионат барысында 51, 60 және 75 келі салмақ дәрежелерінде Рио-де-Жанейро Олимпиадасына төрт лицензиядан ойнатылды. Қазақстан атынан шаршы алаңға шыққан Римма Волосенко, Валентина Хальзова, Ляззат Күнгейбаева, Назым Қызайбай, Жайна Шекербекова, Дина Жоламан, Айжан Қожабекова, Зарина Цолоева, Виолетта Князева және Жұлдыз Маматкұлова сынды аруларымыз  ел абыройын асырып, еліміздегі әйелдер боксының қарқынды дамып келе жатқанын төрткүл дүниеге паш етті. Оның ішінде Назым Қызайбай (48 келі), Валентина Хальзова (69 келі), Ләззат Күнгейбаева (82 келі) мен Дина Жоламан (54 келі) атыннан алқа тағынса, жартылай финалда сүрінген Жайна Қызайбайдың екі дүркін әлем чемпионы атануы едіШекербеков (51 келі) мен Айжан Қожабеков (57 келі) қола жүлдені місе тұтты.

Бұл әлем чемпионатында тасы өрге домалаған аруларымыздың жетістігімен қатар тағы да екі қуанышымызбен бөлісе аламыз. Оның бірі Назым Қызайбайдың екі дүркін әлем чемпионы атануы еді. Ол 2014 жылы тұңғыш рет әлем чемпионы атағына қол жеткізсе, биылғы әлем чемпионатында бабы мен бағы келісіп, чемпион атанды. Ол Астана төріндегі доданың финалында қытайлық Янь Вангты тізе бүктірді. Әлем чемпионатынан кейін өзінің Ол Астана төріндегі доданың финалында қытайлық Янь Вангты тізе бүктірдіқуанышымен бөліскен ол: «Қытайлық қарсыласым да мықты екенін көрсете білді. Бірақ, мен оның осал тұсын таба білдім. Жан-жақтан қолдау білдірген жанкүйерлерім де маған қанат бітіргендей әсерде болдым. Ал турнирдің өзіне келсек, өте керемет дәрежеде ұйымдастырылды. Еліміз тағы да ірі турнирлерді өткізуге өзінің қабілеті жоғары екенін көрсете білді», — деді. Ал 51 келі салмақта шаршы алаңға шыққан жерлесіміз Жайна Шекербеков жартылай финалда ұтылып, қола жүлдені қанағат тұтқанымен биылғы Олимпиада ойындарының лицензиясын қанжығасына байлады Олимпиада ойындарының лицензиясын қанжығасына байлады. Айта кетейік, бұған дейін Қытайдың Цяньан қаласында Азия және мұхит аймақтарының іріктеу  турнирінде 75 келі салмақта жұдырықтасқан Дариға Шәкімова Рио-де-Жанейро Олимпиадасының жолдамасын ұтып алған болатын.

Сонымен 2016 жылғы Олимпиада ойындарында бокстан әйелдер арасында 3 салмақ Қытайдың Цяньан қаласында Азия және мұхит аймақтарының іріктеу  турнирінде 75 келі салмақта жұдырықтасқан Дариға Шәкімова Рио-де-Жанейро Олимпиадасының жолдамасын ұтып алған болатынбойынша тартыста (51, 60 және 75 келі) екі динамолық боксшы – Жайна Шекербекова (51 келі) мен Дариға Шәуімова ел намысын қорғайды. Ал ерлер командасы айтулы додаға толық құраммен (10 жолдама) барады. Оның ішінде 9 былғары қолғап шебері «Динамо» спорт қоғамының өкілі болып табылады. Спортшыларымызға жеңіс тұғырынан көріне беріңдер тілек айтамыз!