15 маусымда Ақтау қаласы  полиция қызметкерлері арасында шахмат пен дойбыдан  жарыстар өткізілді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қазақстан полициясы күнін мерекелеуге орай Ақтау қаласы полиция басқармасының қызметкерлері бірқатар іс-шаралар ұйымдастырды.

15 маусымда  полиция қызметкерлері арасында шахмат пен дойбыдан  жарыстар өткізілді.

Бұл жарыстың басты мақсаты-салауатты өмір салтын қалыптастыру, шахмат пен дойбыға деген қызығушылықты арттыру арқылы қызметкерлердің зияткерлігін нығайту.

Жарысқа 5 шахмат пен 3 дойбыдан 16 полицей ерлер мен әйелдер қатысты. Ойын барысында І, ІІ және ІІІ орын алған Олимпиада жүлдегерлері жас санаттары бойынша Маңғыстау облысы ПД бастығы Жанарбек Бақтыбаевтан құрмет грамоталарымен және сыйлықтармен марапатталды.